Сыбайлас жемқорлық-қоғам дамуының кедергісі

Сыбайлас жемқорлық-қоғам дамуының кедергісі
Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 23 қазан күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дамуының кедергісі» тақырыбында жастармен кездесу өткізілді.
Негізгі мақсаты: жастар арасында құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықты алдын алу, нөлдік төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің, (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қызылорда облысы бойынша департаментінің жанындағы,
мемлекеттік қайраткерлер мен құрметті мемлекеттік қызметкерлер арасынан құрылған спикерлер пулының мүшесі Айтбенбетов Болатбек Серікбайұлы жастарға құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықбұзушылық, қылмыстылық, және тағы да басқа бірқатар мәселелер туралы түсіндіріліп ақпараттар берді.
Шара соңында жастардың тарапынан жеке құқықтық мәселелері бойынша сауалдар қойылып, тиісті заңдылықтарға сәйкес түсіндірмелер берілді.

Related posts