Кеңшілік Тышқанұлымен бірқатар кездесу өтті

⚜️Жалағаш аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл мұра — Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен РАТТ (республикалық ақпараттық-түсіндіру топ) мүшесі Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы, теолог Кеңшілік Тышқанұлы аудан тұрғындары, жастар және дін қызметкерлерімен кездесулер өткізді.
⚜️Шаралар барысында Кеңшілік Тышханұлы әлеуметтік желінің дінге ықпалы, діни радикализм турасында сөз қозғап, кездесуге қатысушыларға біздің рухани құндылықтарымыз – дініміз бен дәстүріміздің терең тамырлы байланысының тағылымды туындысы. Сондықтан дін мен дәстүр бірлігі – өткеніміздің тарихы, болашағымыздың кепілі екенін жеткізді.
⚜️Шара соңында өзара пікір алмасулар болып, қойылған сауалдарға жауап берілді.

Related posts