Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы азаматтық қоғамның рөлі

Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 22 қазан күні «Достық үйі» ғимаратының мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы азаматтық қоғамның рөлі» тақырыбында кездесу өткізілді.

Кездесуге ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының бас маманы Жанар Жалғасбайқызы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, комплаенс офицері Жаппасбаев Алибек Бақытжанұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Қаржаубаева Ляззат Майлыбайқызы мен этномәдени бірлестік мүшелері және дін бірлестіктері қатысты.
Шара барысында Алибек Бақытжанұлы «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – басымдыққа ие саясат» тақырыбында баяндама жасап, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы мен заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы туралы айтып өтті.
Келесі сөз кезегі сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы, оның субъектілері, зардаптары және онымен күрес жолдары туралы баяндама жасаған Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Қаржаубаева Ляззат Майлыбайқызына берілді.

Шара соңында қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға нақты жауаптар алынып, іс-шара кезінде айтылған ой мен пікірлерді түйіндей келе, ел ертеңі үшін адал еңбек ету және өзгерісті өзіңнен бастау қажеттілігі деген оймен қорытындыланды.

Related posts