Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 14-15 қазан күндері РАТТ мүшесі, теолог Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлының қатысуымен түрлі контингентпен іс-шаралар өткізілді.
Атап өтсек, Сырдария ауданына қарасты Аманкелді, Бесарық, Қоғалыкөл, Шіркейлі, Н.Ілиясов, Іңкәрдария және Ақжарма ауылдық округі тұрғындарымен кездесулер өткізілді.
Шаралар барысында Бақтияр Есенгелдіұлы әлеуметтік желінің дінге ықпалы, діни радикализм және оның қоғамға әсері, радикалданудың факторлары туралы атап өтіп, ақпарттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, пікір алмасты.

