25-қазан – Республика күні

Республика күні қайта оралды. Парламент депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематалография және мәдениет мәселелері  бойынша өзгерістер мен толықтылырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады. Енді 25 қазан- Республика күні ұлттық мереке ретінде атап өтіледі, ал 16 желтоқсан- Тәуелсіздік күні болып қала береді.

«Бұл өте маңызды тарихи шешім. Еліміздің тәуелсіздігі шын мәнінде осы күннен басталады. Сондықтан бұл күнді ұлттық мереке ретінде бекіту – мемлекеттілік пен егемендік тұрғысынан алғанда маңызды қадам», — деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

«Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталатын. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек»,- деді мемлекет басшысы.

1990 жылғы Декларация Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси- құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалады. Ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыну, ұлттық қадір-қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айтылды.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Д.Алиев

Related posts