Съезде көтерілген мәселелердің орындалмайқалғаны жоқ

Сот жұмысын жандандыруда Судьялародағының маңызы зор. Ал осы судьялардың кәсіподағы саналатын қоғамдық бірлестіктің негізі1996 жылы өткен республика судьяларының алғашқы съезінде қаланған болатын. Содан бергі 28 жылдың ішінде Судьялар одағы тоғыз съездің өтуіне бастамашы болды. Әр төрт жылұйымдастырылатын бұл съездердің сот қызметіндегі орны бөлек. Тоғыз съездің көтерген мәселесі, талқыға салған тақырыбы әртүрлі. Бірақ, оның қай-қайсысы да сот саласын дамытуға, судьялардың дербестігі мен сапалы қызметіне жолашуға бағытталған.

Биылғы съезд мінберінде де маңызды мәселелер көпшілік назарына ұсынылды. Әсіресе, судьялардың Әдеп кодексінің қабылдануы тоғызыншы съездің басты ерекшелігі ретіндетарихта қалары анық. Сонымен бірге, алқалы басқосуда өз пікір-ұстанымын білдіргенәріптестеріміз судья көмекшісі лауазымын енгізу, әкімшілік әділет институтын жандандыру, соттағы мемлекеттік тілді қолданысын арттыру қажеттігін алға тартты.

Әлбетте, судьялар съезінде сөз болған мәселелердің бәрі де өзекті. Олардың алдағы уақытта оң шешімін тауып, сот жұмысын ілігерілетуге қызмет етері күмән туғызбайды. Өйткені, бұған дейінгі съездерде айтылған, назарға алынған ұсыныс, пікірлердің еленбей, ескерілмейқалған кезі жоқ.

Мысалы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы судьяларының VIII съезінде «Судьяларымыз адам құқықтарының мүлтіксіз сақталуын басты назарда ұстауы керек. Еліміздің судьялары кәсіби біліктіліктерін ұдайы арттырып, жұмыс тәсілдерін жетілдіріп, қалыптасқан ойлау жүйесін өзгертіп отыруы қажет. Бұл үшін сот саласындағы өзекті халықаралық үдерістерді ескеріп, судьялардың халықаралық қауымдастығымен тығыз байланыс орнату маңызды», – дей келе бірқатар тапсырамалар жүктегені есімізде. Соның ішінде Президент судьяларға күштік құрылымдар тарапынан жасалатын ықпалды азайтуды айтқан еді. Соған орай, Қылмыстық-процестік кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бүгінде судьялардың құқық бұзушылығына қатысты барлық заңдық әрекет тек Бас прокуратураның пәрменімен жасалатын болды. Аудандық, облыстық прокуратураның енді судьяларға қатысты іс қозғап, құқық бұзушылығы бойынша шешім қабылдауға құзыреті жоқ.

Бұдан бөлек, сегізінші съезде Мемлекет басшысы сот үдерістерін оңтайландыру және дау-дамайларды шешу барысында бітімгершілік тетіктерін енгізу мәселесіне де назар аударды. Нәтижесінде қазір медиация мен татуластыру рәсімдері арқылы шешімін тауып жатқан істер көп. Бұл судьялар жүктемесін азайтып, тараптарға көптеген артықшылық бергені анық.

Президенттің «сот процесі түсінікті және ыңғайлы болуы тиіс. Азаматтар рәсімдердегі түрлі айла-шарғыларды шешуге міндетті емес», – деген тапсырмасы да аяқсыз қалмады. Осы бағытта жүргізілген ауқымды жұмыстардың нәтижесінде қазір барлық судьялардың өз шешім, үкімін тараптарға түсіндіруі міндеттелді. Сонымен бірге, сот актілерінің қарапайым тілмен, ұғынықты жазылуына да талап күшейді.

Міне, алдыңғы съездегі тапсырмаларды сапалы орындаудың нәтижесінде сот жұмысында бірқатар оңтайлы өзгерістер орын алды. Ал биылғы тоғызыншы съездің де жүктеп отырған тапсырмалары қомақты. Соның ішінде Әдеп кодексі судьялардың қызметтегі және қызметтен тыс кездегі әдептілік қағидасына айналары күмәнсіз. Әрі съезд мінберінде айтылған судья көмекшісін енгізу, сот жұмысында мемлекеттік тілдің үлесін көтеруге қатысты ұсыныстардың келесі съезге дейін шешімін табарына сенеміз.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы М.Ш.Ибрашев

Related posts