Ағымдағы жылдың 4 қазанында Астана қаласында Елбасының қатысуымен Қазақстан Республикасы судьяларының кезекті IX съезі өткізілді.Республика судьларының съезі әр төрт жыл сайын ұйымдастырылады және сот жүйесінің дамуына зор әсерін тигізетін маңызды жиын болып табылады.Әрбір бас қосқан судьялар съезі сот тарихында айтарлықтай орны бар.
Съезд өткізудің негізгі мақсаты – еліміздегі сот жүйесін дамыту, оны қазіргі заманға сəйкестендіру, атқарылған істерге баға беріп, болашақтың бағытын айқындау болып табылады.
Қазіргі кезде Республика соттарында кадр саясатын жетілдіру мен судьялардың кәсіби біліктілігін арттыру жұмыстарын одан әрі жалғастырылуда және судья қызметіне тағайындауда жариялылық пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін үміткерлерді конкурстық негізде іріктеу, оларды тағылымдамадан өткізу жүзеге асырылуда.
Судьялар съезінде Ел Президенті бірқатар тапсырмаларды айтты, оның ішінде судьяларды іріктеуге және олардың біліктілігін арттыруға қатысты. Ол Жоғары Сот Кеңесі тәуелсіз және кәсіби судьялар корпусын құрудың кепілі болуға тиіс екенін атап өтті.
Сот билігінің беделін көтеру үшін қажетті шаралар, соның ішінде, бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынас орнату және сот өндірісінде ақпараттық технологияларды пайдалануды кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуі.Сот төрелігінің ашықтығы мен жариялылығының бірден-бір көрінісі — ол жаңа заманауи технологиялардың енгізілуі.
Сот жұмысында автоматтандырылған электрондық технологияларды енгізу, сот отырыстары өтетін залдарды аудиобейне түсірілімдермен жабдықтау азаматтардың сотқа деген сеніміне оң әсер етеді.
Судьялар ІХ съезінің басты жаңалығы судьялардың әдеп нормалары толықтырылып, жаңартылып, судья әдебі кодексінің жаңа нұсқасы қабылданды.Жалпы еліміздің сот саласы әлемдік стандарттарға сай, үнемі жаңғырып, жаңарып отыр.
М.Жусупбекова
Қызылорда өаласының №2 сотының әкімшісі