Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі

Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердіңморальдық-этикалық имиджіне қойылатын жалпықабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді жәнемемлекеттік органдарға қоғамдық сенімді нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара іс-қимылдың жоғарымәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Кодекс мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының жалпы стандарттарын және қызметтен тысмінез-құлық стандарттарын белгілейді.

Жалпыстандарттарға: мемлекеттік қызметшілерқабылдайтын шешімдердің заңдылығын, әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету, жеке сипаттағымәселелерді шешу кезінде өзінің қызмет бабынпайдаланбау, іскерлік этика және формальды мінез-құлық қағидаттарын сақтау кіреді.

Яғни, мемлекеттік қызметшілер азаматтар мен жәнеұжыммен қарым-қатынас кезінде сыпайы болуға тиіс. Өз кезегінде, халықпен өзара іс-қимылдың негізгікөрсеткіші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердіңсапасы болады. Сондықтан мемлекеттік қызметтердіңсапасын арттыру бойынша тұрақты шаралар қабылдау, мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар ретіндехалықтың қажеттіліктеріне бағдарлану қажет.

Оның әдепке сай емес мінез-құлқы мемлекеттікаппаратқа деген сенімге нұқсан келтіретінін түсінеотырып, оған жүгінетін азаматтардың әрбір мәселесінмұқият қарап, шешімдер қабылдаудың уақтылығын, заңдылығын және әділдігін қамтамасыз ету қажет.

Жалпы, Кодекс мемлекеттік қызметшілердіңмәдениетіне ғана емес, қызметтік міндеттерді орындаумәдениетіне де қойылатын талаптарды белгілейді. Бұлне деген сөз? Қазіргі уақытта әдеп жөніндегі кеңестербарлық өңірлерде жұмыс істейді. Өз кезегінде, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби этикасын бұзуығана емес, сондай-ақ тәртіптік теріс қылықтарды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдыналу бойынша Мемлекеттік органдардың жұмыснәтижелері де ескеріледі.

Мемлекеттік қызметшілер қоғамға жат мінез-құлықтан аулақ болу үшін жұмыстан тыс жерлерде де жалпы қабылданған моральдық және этикалықнормаларды үнемі ұстануы тиіс. 

Халықты әлеуметтік қорғау 

саласындағы реттеу және бақылау 

комитетінің Қызылорда облысы 

бойынша департаменті

Related posts