Бүгін облыстық жастар ресурстық орталығында «Алға басқан азаматтық қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел аясында, Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығының ұйымдастырумен Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Шаменов Бауыржан Серікұлының ҮЕҰ өкілдерімен өткен кездесуіндегі айтылған ұсыныстардың нәтижесі бойынша «Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңнаманы іске асыру» тақырыбында оқыту-семинары өтті.
Шараға облыстық мемелкеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары Ілкібаев Ғалымжан Маратұлы мен «Тауарларды мемлекеттік сатып алу» бөлімінің басшысы Аймаханов Нұрлан Ермұратұлы қатысып, мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңнаманы іске асыру мәселелері бойынша жаңа қағидалар мен бұйрықтарды түсіндіріп, мемлекеттік сатып алуды жоспарлау, өнім берушіні таңдау және онымен шарт жасасу, шарттарды орындау т.б. ақпараттарымен бөлісті.
Сонымен қатар, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның жобаларды басқару департаментінің бас менеджері Айтмамбетова Айжан Ерланқызының қатысуымен «Мемлекеттік сатып алу порталымен жұмыс жасау» және «Мемлекеттік грантқа өтінім толтыру барысы» (қоғамда өзекті мәселелерге ие әлеуметтік жобаларды жазу, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс байқауына қатысу ережелері, конкурстық құжаттаманың құрылымы және қосымшалары, конкурсқа әлеуметтік жобаны тапсыру және конкурсқа қатысуға байланысты қойылатын талаптар, т.б.) тақырыптарында кеңінен мәліметтер берілді.
Сондай-ақ, облыстық қоғамдық даму басқармасының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасының 2024 жылғы үйлестірушісі «Асыл Мұра – Орда» қоғамдық қоры жетекшілерінің әлеуметтік жоба бойынша қорытынды есебі тыңдалып, аталған әлеуметтік жобаның жоғары деңгейде жүзеге асырылуына ат салысқан қала және аудандық қоғамдық даму бөлімдерінің мамандары қор тарапынан алғыс хаттармен марапатталды.
Шараға ҮЕҰ өкілдері мен қала және аудандық қоғамдық даму бөлімдерінің мамандары қатысты.
Алға басқан азаматтық қоғам
