Адал еңбек — абыройлы қызметкер — беделді билік

Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 19 қараша күні Сол жағалау, қалалық Мұражай ғимаратының мәжіліс залында «Адал еңбек — абыройлы қызметкер — беделді билік» тақырыбында аудандық мемлекеттік қызметкерлермен және заңгерлермен кездесу өткізілді.
⚜️ Кездесуде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментің Превенция басқармасының бас маманы Қозбағарова Жанар Жалғасбайқызы модераторлық жасады.
⚜️Шара барысында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Қаржаубаева Ляззат Майлыбайқызы және Қорқыт ата Қызылорда университетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс — офицер Жаппасбаев Әлібек Бақытжанұлы баяндама жасап, құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықбұзушылық, қылмыстылық, және тағы да басқа бірқатар мәселелер туралы және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы мен заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы туралы айтып өтті. Сонымен қатар, «Сыбайлас-жемқорлық» деген ұғымды түсіндіру, оның пайда болу жағдайлары, қоғам дамуына тигізетін кері әсерлері және олардың жолдарын кесу, біздің қоғамымызды қалыптастырып дамытатын жас жеткіншектеріміздің санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра алатын мәдениетті қалыптастыру бағытында түсіндірді.
⚜️Шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, пікір алмасты.

Related posts