айқындап олардың азаматтар алдындағы оң имиджін көтеру мәселелері соңғы жылдары жиі талқылануда. Расында, жүгі ауыр осы саланың қоғам алдындағы беделін еселеп арттыратын уақыт келді. Бұл үшін судьялар әрқашан әділ шешім шығарып, әр уақытта барлық мәселені тең ұстауы керек.
Судьялар мен сот қызметкерлерінің жұмыстары ұдайы БАҚ беттерінен де жарық көріп отырады. Олармен терең сұхбаттасып, азаматтарды толғандырған мәселелерге жауап алынады. Сондықтан болса керек, Ел Президенті Қ,Тоқаев судьялар мен БАҚ арасындағы байланысты жаңа деңгейге шығару жайлы сөз айтқан болатын.
Қазіргі таңда сот саласының басты мақсатының бірі қос тарапты ымыраға келтіріп, татуластыру. Бұл да халық арасында сот қызметкерлерінің абыройын арттыруда. Бір елде тұратын азаматтардың дауласып, жаза тағайындалуынан көрі татуластыру әдісі өте ұтымды болып отыр.
Ел жұртқа қолайлы жұмыс жасау мен заң баптарына сай әділ шешім шығарудың арқасында сот саласының абыройы асқақтап, халықтың сеніміне терең бойлауда. Бұл да сот саласының соңғы жылдарда жеткен ең жарқын жетістігінің бірі болса керек.
Сот жүйесінің беделі халықтың оған деген қөзқарасы, сенімі арқылы айқындалатындықтан, соттың жұмысы халық үшін қолжетімді болуы шарт. Соттарда өтетін іс-шаралар көп жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылып келеді. Сот жүйесіндегі жаңалықтардың барлығы тілшілер қауымының арқасында халыққа түсіндіріледі.
Тәуелсіз сот және БАҚ – нағыз демократиялық мемлекеттің тірегі. Сондықтан халықтың құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында қоғамның сот жүйесіне деген сенімін арттыруға ықпал етеді деген сенімдемін.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің басшысы Е.Раушанбекұлы