Сот имиджін көтермелеу бағытында, сот жұмысындағы жаңашылдықтар

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет» деп ата заңымызды белгілеп, даму бағыты айқындалып, жарқын болашаққа қадам басқан мемлекет болып қалыптасып келеді.  Осы мемлекетті қалыптастыру  қай мемлекеттік қызмет саласы болса да, мемлекеттің сол саладағы саясатын жүргізетін орган болып табылатындықтан,  сол саланың кәсіби білікті мамандары даму деңгейінің көрсеткішін жасайды. 

Екінші жағынан,  мемлекеттік қызмет саласы- халықпен тікелей байланыстағы қызмет екенін ескеріп, халықпен араласу, қарым-қатынас жасай білу мәдениетінің қалыптасуы маңыздылығын арттырады. Әрбір мемлекеттік қызметшінің бойынан осы қасиеттер табылса, мемлекеттік қызметтің беделін көтеруге тікелей жол болып табылары сөзсіз.

Сот жүйесінің беделі халықтың оған деген көзқарасы, сенімі арқылы айқындалатындықтан, соттың жұмысы халық үшін қолжетімді болуы шарт.

Сот жүйесіндегі жаңалықтардың барлығы бұқаралық ақпарат құралдары арқасында халыққа еркін түсіндіріледі.

Судьялардың сот ісін  жүргізуде әрбір іс-әрекеті барлық уақытта қоғамның назарында, көпшіліктің көз алдында болады. Судьяның сот процесін біліктілікпен, сауатты жүргізуінен және қабылдаған шешімінен сот жүйесі туралы жалпы қоғамдық пікір қалыптасады. Сот мәжілісіне қатысатын тараптардың және олардың өкілдері нақты бір судьяға жан-жақты мінездеме береді және ол пікір обьективті болатыны даусыз.

Осы айтылғандай Жаңақорған аудандық сотының судьяларына да  істі қарау барысында кәсіби шеберлігі мен біліктілігін көрсеткені үшін  алғыс білдіру хаттары келіп түсіп жатады.

Жылдан жылға жаңа заңдар қабылданып, қабылданған заңдарға түзетулер мен өзгерістер енгізіліп адамдар мен кәсіпкерлік субьектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін лауазымды тұлғалардың теріс қылықтарынан қорғауды күшейтті, сот төрелігі мен сот қызметкерлерінің сапасын арттыруға жағдай жасады, сот жүйесі мен судьялардың тәуелсіздігін нығайтты.

Сот қызметтерін пайдаланушыларға сот төрелігіне қол жетімділікті жеңілдету, цифрландыру, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар жасалынып жатыр.

Сот жүйесінің беделін нығайту, оған халықтың сенімін арттыру бойынша әлі де көп жұмыстар атқарылуда.

Сот саласындағы қызметкерлердің әрі қарай жұмыс жасауын жігерлендіріп, ынталандырып, олардың табысты жүзеге асуына сенім білдіремін.

Жаңақорған аудандық сотының сотының жетекші маманы
А.Қаныбек

Related posts