Барсакелмес қорығына 85 жыл!

Т. Әбдікеров
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы

1939 жылы Қазақ ССР Халық Комиссарлар Кеңесінің №973 шешімі бойынша қорық статусы берілген.

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының негізгі мақсаты — құлан, қарақұйрық, ақбөкендердің популяциясын қалпына келтіру мен сақтау, шөлейттенген өңірлердің биоалуантүрлілігінің қайта қалпына келуіне мониторинг жүргізу.

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының 85 жылдығына орайластырылған бірнеше іс — шаралар жүргізілді. Іс — шаралардың басты мақсаты — Барсакелмес қорығының биоалуантүрлілігін оқушыларға таныстырып, дәріптеу, оларды табиғат қорғау ісіне баулу.

Табиғатты қорғау — бұл әрбір адамның, әсіресе жастардың, өз жауапкершілігін сезініп, болашақ үшін қамқорлық жасауға бағытталған маңызды іс. Оқушыларды табиғатты қорғауға баулу — адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған бастама. Олар табиғатпен үйлесімді өмір сүріп, экологиялық мәселелерге мән беруі қажет.

Осы айтулы күнге орайластырылып Арал аудандық оқушылар үйінде “Барсакелмес — төл табиғат мекені” атты мерекелік іс-шара жүргізілді. Іс — шарада жасөспірімдердің тақырыптық концерттік бағдарламасы,бейнелеу өнері үйірмесі қатысушыларының сурет туындыларынан әзірленген көрмесі таныстырылды. Сонымен қатар, табиғат қорғау ісіне, қорықтың биоалуантүрлілігін дәріптеуге өз үлестерін қосып келе жатқан білім ордалары мен мұғалімдер Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Іс — шараның екінші бөлігінде алдағы жылға экологиялық білім беру саласындағы мақсаттар мен жоспарлар талқыланды.

Related posts