«Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран»

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ерлік -елге мұра, ұрпаққа ұран» патриоттыққа тәрбиелеу бойынша әлеуметтік жобасы аясында Асыл Мұра-Орда қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Ағымдағы жылдың 10 наурыз күні сағат 10.00-де М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің мәжіліс залында және сағат 14:00-де И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің мәжіліс залында жас ұрпақты Отан қорғауға дайын болуға және тарихи сабақтастықты жете түсінуге тәрбиелеу, әскери борышын өтеудің қажеттілігін, қазақстандық патриотизмді насихаттауға бағытталған дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға Ардагерлер одағының республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша төрағасы Орынбайұлы Марат, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшысының орынбасары Жакипов Алмат Алмасұлы, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Пірназаров Жомарт Рахметуллаұлы қатысып жастарды өз Отанын сүйетін, өз жерінің, елінің иесі бола алатын, Отанына қалтқысыз қызмет ететін патриот болуға, ел қорғаған, жер қорғаған батырлардың іс — әрекетін үлгі тұтуға шақыру мақсатында үгіт насихат жүргізді.

Related posts