Н.М.Кеулімжаева
Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының бас маман, сот мәжілісінің хатшысы
Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Ол-әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, қолданыс аясы кең тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының-ана тілі. Тіл қай елді, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдіретті. Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріледі. Ана сүтімен бойға енген қасиет туған тілдің құдіретімен дамиды. Туған елге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналада адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас иуған тіліңді білуден басталады. Ана тілі халқымыздың рухани байлығыс, баға жетпес асыл мұрасы. Оның қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Азаматтың қолындағы барлық асыл заты тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбатымыз. «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады»-деген еді біртуар ақын М.Жұмабаев. Тіл ұлттың жаны. Ал, ұлттың болашағы-оның ана тілі. Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам болмайсың. Тіл тағдыры-елдің тағдыры әр адам ана тілін біліп, оны құрметтеуге міндетті.