Ескілікте бір әңгіме болатын. Бір адам күнде теңертеңгілік үйінен ерте шығып, қуанышты, шатты күйде жұмысына қарай асығады екен. Кешке кеш қатқан ол менен асқан бақытты адам бар деп ән салып қайтатын көрінеді. Бір күні бір кісі мұншалықты бақыттылығының сырын сұрайды. Сонда әлгі кісі мен мемлекетке де, қоғамға қа қоса қызмет етемін депті. Сұрайшы кісі мұны бір патшалықта қызмет ететін адам екен деп ойлап қалса керек сонда әлгі қуанышты адам әңгімені былай жалғапты. Мен ешқандай мәртебелі қызметтегі жан емеспін. Маған патша әскердің жылқысына шөп салып, су беруді тапсырған. Мен содан ақы аламын. Бұл мемлекетке деген қызметім. Сонымен қатар өз еркіммен сол аттардың жалын тарап, құйрығын күзеймін. Бұл қызметім ақылы емес, бірақ қоғамның тыныштығын қорып жүрген сарбаздарға ыңғайлылық, слулылық сыйлаймын. Бұл қоғамға қызметім емес пе деген екен. Сол секілді қазірде дәл осы бақытты жанның кейпін кейіп жүрген мемлекеттік қызметшілер өте көп.
Күндізгі уақытының барлығын мемлекеттік қызметкер арнап, халықпен байланысты жақсартып, сапалы жұмыс жасап, мемлекеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүреді. Өзіңің де мінезін, сыртқы және ішкі тәртібін келтіріп, көп нәрседен тыйылып, мемлекеттік қызметші талабына сай бейімделеді. Кеңес сұраған елге жөн сілтеп, артық уақытының барлығын осы жолда сарп етеді. Ал, жұмыстан кейін отбасынан сәл қолы босаса жұмыстағы тапсырманың бітпей қалған жерлерін үйінде отырып орындап, болмаса қалың ойға кіріп миын бір босатпайды. Одан бөлек кеңес сұрап, көмек күткен таныстары мен өзге де жолығушыларға қол ұшын созады.
Бұл мемлекеттік қызметкерлердің қоғам үшін және мемлекет үшін етіп жатқан қызметі екені сөзсіз. Бұл жұмыстың бақыты, қыметтің мәртебесі. Әрбір маманның жасаған адал еңбегі мемлекетті алға ұмсындырып, қоғамды шырайландыра түспек. Сонымен қатар мемлекет және қоғамға ету тек қолында қызметі бар адамдарға ғана қатысты емес, барлық ел азаматтарына ортақ парыз. Осы парызымызды бізді бақытта да, шаттықты ете бермек.
А.Әуелбек,
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман сот отырысының хатшысы