А. Изтелеуова
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы
2025 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғанына 30 жыл толады. 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Ата Заң – елдің тәуелсіздігін нығайтып, демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың негізін қалады.
Осы жылдар ішінде Конституция мемлекет пен қоғам дамуының берік іргетасына айналды. Онда адамның құқықтары мен бостандықтары, билік тармақтарының өзара теңгерімі, заң үстемдігі қағидаттары бекітілген.
30 жылдық кезеңде Ата Заң уақыт талабына сай бірнеше рет жаңартылды. Бұл өзгерістер елдің саяси жүйесін жетілдіруге, азаматтардың мүдделерін қорғауға және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталды.
Конституция күні – халықтың бірлігі мен елдің тұрақтылығының символы. Ол әрбір азаматты отансүйгіштікке, заңға құрметпен қарауға және елдің дамуына үлес қосуға үндейді.