М.Ибрашев
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы
2025 жылы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне бес жаңа бап қосылды. Олар қоғамда жиі кездесетін жаңа қауіп-қатерлерді ескеріп, азаматтардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған.
Жаңа баптар сталкинг (115-1), некеге мәжбүрлеу (125-1), “дропперство” деп аталатын алаяқтық түрі (232-1), сирек жануарлар мен өсімдіктерді заңсыз айналымға қосу (339-1) және әуе кемесіне кедергі келтіру (352-1) үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілейді.
Сонымен қатар, Қылмыстық-процестік кодекске өзгерістер енгізіліп, кассациялық сатының жұмысы жаңғыртылды және татуласу институтының аясында кейбір қылмыстар бойынша жауапкершіліктен босату мүмкіндігі қарастырылды.
Бұл өзгерістер азаматтардың құқықтарын қорғауды және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді күшейтеді.