
Құрметті достар!
Біз – білімге құштар, арманы биік ұрпақпыз. Қазір бәрі мүмкін: ғылым, технология, спорт, өнер – бәрі де ашық. Бірақ өмірімізге қауіп төндіретін бір жамандық бар – ол есірткі.
Есірткі – достықты бұзады, денсаулықты әлсіретеді, ақылды тұмшалайды. Ол тек денені емес, болашақты да улайды.
Біз ондай жолға бармауымыз керек. Себебі:
«Есірткі – у,
Таңдау – өзіңде тұр.
Таза өмір сүр,
Болашағың – нұр!»
Бос уақытты пайдалы іспен өткіз, жақсы достар тап, спортпен шұғылдан, музыкамен айналыс. Біздің өміріміз – баға жетпес қазына.
Есіңде болсын:
«Бір тамшы у – бүкіл өмірді жалмайды!»
Сондықтан: Есірткіге – ЖОҚ!
Өмірге, арманға, болашаққа – ИӘ!
Айболқызы Күнайым
Қармақшы ауданы
Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп -лицейі
6”Г”сынып оқушысы
