МЕН ӨМІРДІ ҚАЛАЙМЫН

Кожакова Амина Кемаладиновна
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті

Темірбек Жүргенов атындағы №80 мектеп-гимназиясының 10 «Б» сынып оқушысы

Мен өмірді қалаймын аспанынан күн күлген,
Бақыт әні естілер балбұлақтай күлкімнен.
Тонның ішкі бауындай ынтымағы жарасқан,
Мен өмірді қалаймын бір болатын жұртыммен!

Тұғырынан тайдырмай адамдықтың ақ туын,
Адам болу – заңдылық, шырқап өмір шаттығын.
Жақсылықты жарысып жасап жатқан жалғанда,
Өз бақытын бағамдап, жамандықтан тапты кім?

Мен өмірді қалаймын бес нәрсеге ғашық боп,
Жат қылықтан жиреніп, жамандықтан қашық боп.
Жүрекке әжім түсірмес, сәулелі мұң сейілген,
Мен өмірді қалаймын асылдарға асық боп!

Еңбек, білім – сананы сөндірмейтін құндылық,
Түлкібұлаң заманда жасалып жүр мың қылық.
Қате басқан қадамың орны толмас өкініш,
Санадағы сәулесін жібермесін сындырып.

Есірткісіз болашақ – жаңа қоғам белесі,
Өзгелермен келеді тереземіз теңесіп.
Мен қалайтын өмірім ұлы керуен көшінде,
Тоқтамастан мәңгіге жүзсе екен кемесі.

Related posts