Шиеліде кездесу өтті

Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» жобасы аясында ү.ж 13 маусым күні Шиелі ауданына қарасты ЖШС «Семізбай-U» кәсіпорнында және Бәйтерек ауылында аудан тұрғындары арасында құқықбұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізу бағытында кездесу өтті.

Кездесу барысында «Әділдік жолы» РҚБ облыстық филиалының төрайымы Бақтыбаева Ляззат Шайзадақызы Шиелі ауданының тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қызметкерлерге пара ұсынылған жағдайда жасалуы тиіс іс-әрекеттер қадамы, әкімшілік жауапкершілік пен айыппұлдар көлемі жөнінде сөз қозғалды.
Кездесуде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекет әр салада жүзеге асырылуы туралы баяндама жасалынды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарға енсізілген өзгерістер туралы айтылды. Кездесудің мақсаты “Сыбайлас — жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру болып табылады.
Кездесу соңында жиналушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, пікірлер айтылды.

Related posts