Аудандық және оған теңестірілген соттарды іс қағаздарын жүргізу қағидасына сәйкес, құжаттарды қабылдау мен тіркеу тәртібі. Электрондық құжаттарды тіркеу.

Бүгінгі күнге дейін соттардың дербестігін күшейту бағытында бірқатар істер атқарылып, заман талабына сай заңдар қабылданды, сондай-ақ аудандық және оған теңестірілген соттарды іс қағаздарын жүргізу тәртібіне өзгерістер енгізіліп электрондық сипатта іс қағаздарын тіркеу және жүйелендірілген программаға тіркеліп ендірілу енгізілді.
Яғни, аудандық және оған теңестірілген соттарды іс қағаздарын жүргізу қағидасына сәйкес, құжаттарды қабылдау мен тіркеу тәртібі яғни сотқа түсетін хат-хабарларды кеңсе қызметкерлері қолын қойып, алынған күні, уақыты, оны алған адамның тегі мен аты-жөні көрсетіліп, қабылданады.
          Арыз (шағым) жеке берілген кезде сот кеңсесінің қызметкері арызданушыға арызды (шағымды) тіркеу туралы талонды толтыруды ұсынады, онда сот талқылауына шақыруды, арызды (шағымды) қарау нәтижелерін ұялы байланыстың абоненттік нөміріне немесе электрондық адреске (№1 қосымша) жіберу көзделеді. Арызданушының наразылықтары болмаған жағдайда кеңсе қызметкері арызды (шағымды) тіркеу туралы талон береді, оның түбіртегі арызға (шағымға) қоса тіркеледі.Арызды (шағымды) тіркеу туралы талонды қалыптастыру және беру арызды тіркеу және электрондық хабарландыруларды жіберу туралы талонды беру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
          Кеңсе қызметкері конверттердің, бандерольдердің бүтіндігін тексереді, пакеттерді, конверттерді ашады, оларда құжаттардың және олардың қосымшаларының бар екендігін тексереді, конверттегі көрсетілген нөмірлерге түскен құжаттардың нөмірлерінің сәйкестігін салыстырып тексереді.
          Ал, қате жеткізілген хат-хабарлар тиесілігі бойынша қайта жолданады немесе жіберушіге ілеспе хатпен қайтарылады.
Келіп түскен хат-хабарлардың конверттері, егер жіберушінің мекенжайын, құжаттың жіберілген немесе алынған уақытын конверт арқылы ғана анықтау мүмкін болған жағдайда, сондай-ақ жеке құжаттар түскен кезде сақталады.
Талап қоюлардың, сот актілерін қайта қарау туралы шағымдардың, жеке және басқа да шағымдардың конверттері барлық жағдайларда сақталып, аталған хат-хабарлар мақсаты бойынша беріледі.
Әрбір бастапқы түскен құжатқа Төрелік ақпараттық жүйесіне есепке алу құжат толтырылады және кіріс құжатын тіркеу жүзеге асырылады.
          Құжаттарды электрондық түрде беру сервистері арқылы түскен құжаттар «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервис арқылы құжаттарды электрондық түрде беру тәртібі туралы және Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметі» порталы арқылы берілген электрондық талап арыздарды және басқа да электрондық құжаттарды қабылдау және есепке алу тәртібі туралы нұсқаулықтарда белгіленген тәсілдермен ғана берілуі мүмкін.
           «Сот кабинетін» электронды цифрлық қолтаңбасы бар республиканың кез келген азаматы тұтына алады.

 «Сот кабинеті» сервисінде авторлану рәсімінен өткеннен кейін электронды құжаттарды беру сервисін пайдаланушылар сотқа:
1) талап қоюмен;

2) талапты қамтамасыз ету туралы арызбен;

3)пікірмен;

4)қарсы талаппен;

5) сот отырысы хаттамасына ескертулермен;

6) және т.б. өтінішпен жүгіне алады.

            Пайдаланушы жіберген электрондық құжаттардың деректемелері Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесіне түскен кезде автоматты түрде кіріс құжатының тіркеу бақылау карточкасына көшіріледі.
            Түскен электрондық талап қоюлар (арыздар) мынадай электрондық карточкалардан тұрады:

1) кіріс құжаттың тіркеу бақылау карточкасы;

2) азаматтық іс бойынша;

3) тұлға бойынша;

4) электрондық құжаттар.

            «Сот кабинеті» сервисі арқылы түскен құжаттар пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасының тұтастығы мен жарамдылығы тексерілгеннен кейін тіркелуге жатады.
Құжаттарды тіркеуді мынадай себептер бойынша қабылдамауға болады:
1) түскен құжат оқылмайды;
2) құжат қайта жіберліген және Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесінде осыдан бұрын тіркелген;
3) электрондық цифрлық қолтаңбаның нәтижесі теріс болғанда;
4) құжат адресаты осы сот болып табылмайды;
5) сот кеңсесінің қызметкері көрсеткен өзге себептер.

Бүгінгі күні «Сот кабинеті» сервисінде QR-кодтарының жаңа технологиясы енгізілді. Халыққа ыңғайлы болу үшін және бірыңғай стандартқа көшу мақсатында сервисте авторизациядан өту және ұсынылатын құжаттарға қол қою тетегі өзгертілді.

Енді авторизациядан өту және құжаттарға қол қою «eGov mobile» мобильді қосымшасының Face ID және Touch ID (QR-кодты сканерлеу) арқылы мүмкін болады.

Артықшылықтарына тоқталсақ, eGov mobile арқылы ЭЦҚ алу, мобильді гаджеттердің қосымша параметрлерінің қажеттілігінің болмауы, мобильді гаджет арқылы авторизациядан өті және құжаттарға қол қою болып табылады.

            Аталмыш сервистің басымдығы – сот жүйесінің беделін арттыру, халықтың соттарға деген сенімін нығайту болып табылады.

            Электрондық түрде түскен құжаттарды сәйкестендіру үшін басылып шығарылған құжаттың оң бетінде «Электрондық құжат көшірмесі дұрыс» мөртаңбасы қойылады.
            Егер құжаттарды электрондық беру жүйесі арқылы берілген құжаттар сотқа түскеннен кейін сотқа қағаз жеткізгіштердегі олардың түпнұсқалары жіберілген болса, олар бұрын түскен электрондық құжаттарға сәйкестігі тұрғысынан тексеріледі және ондай анықталған жағдайда бұрын берілген тіркеу нөмірі қағаз жеткізгішке қойылады.

Р.Қайып
Қызылорда қалалық соты
әкімшісінің жетекші маманы

Related posts