Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімінің «Облыс тұрғындары арасында дін кызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 11-14 шілде күндері аралығында Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында жастармен, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде дін қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізіліп, ДМЗО қызметкерлермен, оңалту жұмыстарын жүргізетін дін қызметкерлерімен, АТТ мүшелерімен семинар мен әскери техникалық мектептің жастарымен, Тасбөгет және Қызылжарма кентінің тұрғындарымен кездесу өткізілді.






РАТТ мүшесі, исламтанушы Қойшыбаев Айбар Асхатбекұлы жүргізді.
Шара барысында еліміздегі барлық конфессиялар мен этностардың бейбіт өмір сүруі, халқымыздың мәдениеті мен рухани мұрасына құрмет, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпараттар берілді.
Аталмыш тақырып аясында қатысушылар рухани жетілуде салт-дәстүр мен діннің рөлі, дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға тигізер зардабы мен алдын алу шаралары, білім деңгейін көтеру секілді өзекті мәселелерді талқылап, пікір алмасып, жеке тәжірибелерімен бөлісті.