Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесуі өтті

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ү.ж 19-24 шілде айларының аралығында Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы, Арал, Жаңақорған, Шиелі аудандарында жергілікті атқарушы орган басшыларының үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесу барысында аудандық қоғамдық даму бөлімдері мен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшылары, бас мамандары жұмыс барысында атқарылып жатқан функциялары, жоспарлары мен бюджеттік бағдарламалары туралы баяндап, 2023 жылдың жобалары, 2024 жылдың жоспарлары туралы ақпарат берді.

Кездесу соңында үкіметтік емес ұйымдар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер айтылды.

Related posts