Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ү.ж 19-24 шілде айларының аралығында Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы, Арал, Жаңақорған, Шиелі аудандарында «Азаматтық қоғам рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында аса маңызды жалпымемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау билік пен халық арасындағы алтын көпір екенін ескере отырып, аудан көлеміндегі ауқымды, маңызды шараларды аудандық ҮЕҰ-дың жетекшілерінің белсенділігі арқылы мемлекеттік саясатты ауқымды көрсете білу – біздің негізгі мақсатымыз екенін аудандық ҮЕҰ-дардың жетекшілері айтта кеті.
Шара соңында аудандық ҮЕҰ-дың тарапынан қойылған өзекті сауалдар мен ұсыныстар айтылды.


