Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 22 тамыз күні сағат 10.00-де Көп бейінді облыстық ауруханасының мәжіліс залында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында сұхбат алаңы өткізілді.
Негізгі мақсаты: тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.
Шара барысында құқықбұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және тағыда басқа бірқатар мәселелер туралы түсіндіріліп ақпараттар берілді.
Шараға спикер ретінде КР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментің Превенция басқармасының бас маманы Қозбағарова Жанар Жалғасбайқызы және облыстық қоғамдық даму басқармасының заңгері Аблаева Аида Бекболатқызы қатыстырылды.
Сұхбат алаңы соңында шара төңірегінде бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылар тарапынан қойылған өзекті сауалдарға жауап берілді.

