2023 жылғы 31 тамыз күні Шиелі аудандық жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің тапсырысы негізінде “Жалынды жастар” жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен “Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!” семинар-тренингі және кезднсу өтті.
“Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету” жобасының мақсаты:
Әйелдер мен қыздардың өз әлеуетін толықтай жүзеге асыруға, зорлық-зомбылықсыз өмір сүруге және өз армандарын орындауға ресурстар мен мүмкіндіктерге ие болатын әлемге бірлесіп қол жеткізу.



Шараға Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі, аудандық жастар ресурстық орталығы өкілдері, орталық мамандары Мадиярова Шырайлым және психолог-тренер Зарина Жарылқасынқызы, Аудандық полиция бөлімінен Сактаганова Фарида және “Ашық Азаматтық Қоғам” ақпараттық-ресурстық орталығының үйлестірушісі Сауапова Салтанат, ауылдық округтерден қатысты.
“Қамқорлық-Шиелі” дағдарыс орталығы!
Егер сізде қатігездік пен зорлық-зомбылық орын алса төмендегі номерлерге хабарласуыңызды сұраймыз!
Орталық жетекшісі-Аликулов Адил
Жауапты маман- Мадиярова Шырайлым-87751268787
Психолог-Зарина Жарылқасынқызы