Есірткіге — жол жоқ

Бүгінгі күнгі құқық қорғау органдары жұмысының маңызды бағыттарының бірі – заманымыздың зардабына айналған есірткі затының заңсыз айналымымен күрес болып табылады.
Осыған орай көлік прокуратурасы желілік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, «Нашақорлыққа – жол жоқ», «Есірткісіз болашақ» тақырыптарында өңірдегі темір жол вокзалында және темір жол мекемелерінің қызметкерлері арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Кезекті іс-шара барысында Қызылорда көлік прокуратурасының прокуроры А.Примбетова тыйым салынған улы заттардың зияндылығы мен қауіп-қатері, нашақорлыққа шалдығудың теріс салдары жайлы сөз қозғаған. Сонымен қатар ол жастар арасында әлеуметтік желі арқылы синтетикалық есірткі заттарын өткізу-сату белең алып бара жатқандығын айта отырып, ол бойынша заңнамамен қылмыстық жауаптылықтың көзделгенін ескерткен.
Көлік объектілерінде Сіздің құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, Қызылорда көлік прокуратурасына мына телефондар арқылы хабарласуды сұраймыз: мекен-жай Журба №35 Қызылорда көлік прокуратурасының кезекші прокуроры тел.8 /7242/ 27-23-81

Related posts