Сыбайлас жемқорлықпен күрес — әр азаматтың борышы

Қазіргі таңда қоғам арасында белең алып отырған өзекті мәселенің бірі — сыбайлас жемқорлық. Заман ағысымен бірге бәсекелестік пен мол қаражат пайда болған жерде тамырын тереңдете жайып, түбегейлі жойылмай келе жатқан кесел түрі де осы.

Аталмыш дүние дамушы елдер қатарындағы біздің мемлекетімізде де орын алып отыратын жағдай екені көңіл көншітпейтіні мәлім. Бұл — өркениетті қоғам қалыптастырып келе жатқан жас, зайырлы, демократиялық еліміздің беделі үшін орасан зор нұқсан келтіретін фактор. Сол себепті, ел дамуына зиян тигізетін парақорлық сынды індеттен арылуға әрекет қылу әр азамат алдындағы борышы іспеттес болуы тиіс.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын негізге ала отырып, еліміздің әрбір саласында түрлі іс-шаралар жүзеге асырылуда. Оның мәнісі «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі» деп түсіндіріледі. Соған сәйкес, Қазақстан Республикасының әр азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра білсе, еліміздің дамуы бұданда биік дәрежеге көтерілетіні айқын.

Еліміздің дамуы әр азаматтың жауапкершілігінен басталады. Кез-келген қызметкер өз отбасында, әріптестерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолындағы қағидаларды ұстана білсе, бұл індеттің түбімен жойылатыны анық.

Ермахан Сымбат
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Қызылорда облысы бойынша филиалы Халыққа қызмет көрсету бойынша
Қызылорда қалалық №4 бөлім маманы

Related posts