Жастар және жас отбасылармен кездесу өтті

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Мерейлі отбасы» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 28 қыркүйек күні сағат 11.00-де Жалағаш ауданы, Аудандық кітапханада «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша номинациямен марапатталған отбасының мүшесі Ерәлі Роза Көшекбайқызының қатысуымен және сағат 15.00-де Қармақшы ауданы, Жастар ресурстық орталығында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленген Қармақшылық Көбеевтер отбасының мүшесі Көбеев Сарсенбай Молдабекұлының қатысуымен және 29 қыркүйек күні сағат 11.00-де Қазалы аудандық мәдениет үйінде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша жүлделі ІІ орынды иеленген Қазалы ауданынан Бөлебаевтар отбасы мүшесінің қатысуымен жастар және жас отбасылармен кездесу өтті.

«Әуелден отбасы құндылығына аса мән берген қазақ үшін Отан, шаңырақ – ең киелі, құдіретті ұғым. Ал отбасы – мемлекеттің іргетасы. Оның берік әрі нық болуы – елдің дамуы мен келешегінің өлшемі.

Шара келген әр отбасы мүшесі өздерінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, отбасылық үлкен өмірге қалай қадам басу керек, жанұя құндылығы мен татулығын қалай сақтау керек, бала тәрбиесінің маңыздылығы туралы жастарға бағыт-бағдар беріп, өзінің ақыл-кеңесін айтып өтті.

Еркін форматта өткізілген кездесу жоғарғы деңгейде өткізіліп, жастар мен елге абыройлы алдыңғы буын ағаларымызбен мен үлгі тұтар өнегесі мол апаларымызбен сырласып, сұхбаттасты.
Шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарына жауап беріліп, пікірлер алмасым, шара 1 сағат көлемінде өткізілді.

Related posts