Бүгін Жалағаш кентіндегі Руханият орталығында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Сәкен Сайранұлы Салтанның қатысуымен «Әлеуметтік желі және діни радикализм» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге ардагерлер, мешіт имамдары, мектеп оқушылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Кездесуге аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Мейірбек Амангелдіұлы Құрақбаев модераторлық жасады.

