Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімінің «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж 03-06 қазан күндері аралығында РАТТ мүшесі, журналист-теолог, ҚР журналистер одағының мүшесі Сәкен Салтан Сайранұлымен Сол жағалау 5А, ҮЕҰ-дың орталығы мәжіліс залында «Медиа және терроризм» тақырыбында АТТ мүшелерімен семинар өткізілді. Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында Қызылорда «Болашақ» университетінің студенттерімен, Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғарғы колледжінде, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Абылай хан» атындағы Қызылорда жоғары колледжінде, Әскери техникалық мектепте «Әлеуметтік желі және діни радикализм» тақырыбында жастармен кездесулер өткізілді және «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде дін қызметкерлерімен «Тәңіршілдік жобасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Шаралар кезінде Сәкен Сайранұлы қатысушыларға өзекті мәселере, маңызды пікірлер және пайдалы ақпараттар айтып өтті.
Шаралар соңында қатысушы тарапынан қойылған сан сауалға сүбелі жауап беріп, пікір алмасты.


