eGov.kz порталында азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін:
✓egov.kz порталында авторизациядан өтіңіз;
✓басты бетте «Азаматтарға» — «Мемлекеттік органдар бойынша қызметтер» — «Әділет министрлігі» бөлімін таңдаңыз;
✓»Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» қызметін таңдап, «Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз;
✓көрсетілген қатарлар бойынша мәліметтерді және керекті құжатты енгізіңіз;
✓қажетті төлемді жасаңыз;
✓қызметке қол қойып, қаралымға жіберіңіз.
Қызмет көрсету нәтижесі eGov.kz порталының Жеке кабинетінде пайда болады.
АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРІ ЖАЗБАЛАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР, ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ТҮЗЕТУЛЕР ЕНГІЗУ
