Суреттер байқауы қорытындыланды

Облыстық қоғамдық даму басқармасының Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 6 қазан күні ҮЕҰ-дың ресурстық орталығында суреттер байқауының қорытынды іс-шарасы өткізілді.

Шараға Қызылорда облысы бойынша департаментiнiң превенция басқармасының бас маманы
Қойшыбаева Жанар Жалғасбайқызы, Облыстық қоғамдық даму басқармасының заңгері Аблаева Аида Бекболатовна және С. Айтбаев атындағы көркемсурет галлереясының суретшісі Назаров Батырбек Жеңісбекұлы қатысты.

Шара қорытындысы бойынша суреттер байқауынан І орын иеленген Мұханбетжан Мағжан, ІІ орын иеленген Берік Алтынай Айбекқызы, ІІІ орын иеленген Майланова Ағияш жүлделі орын алған жеңімпаздарға арнайы лента тағылып, диплом және жүлделі сыйлар табысталды. Қалған қатысушылар елеусіз қалдырылмай ынталандыру сыйлары берілді.

Related posts