Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында сұхбат алаңы өткізілді.

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 12 қазан күні Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбын түсіндіру мақсатында сұхбат алаңы өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты: құқықтық сауаттылықты арттыру, сыбайлас жемқорлықты алдын алу, нөлдік төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және талдау, әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің заңгері Аблаева Айда Бекболатовна «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені жөнінде түсіндерме беріп, атап айтқанда, қазіргі таңда әрбір мемлекеттік органдар жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін үздіксіз жетілдіруге бағытталған үлгілік базалық бағыт жұмыс жасап жатқаны жөнінде ақпараттар берді.

Сонымен қатар, Қызылорда облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының бас маманы Қозбағарова Жанар Жалғасбайқызы құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықбұзушылық, қылмыстылық, және тағы да басқа бірқатар мәселелер туралы түсіндіріліп ақпараттар берді.

Related posts