Қазір қоғамда жылдамдықтың алатын орны үлкен. Уақыт аса қымбат! Бір күн ішінде бір іс бітіру мүмкін емес!
Ия, бүгінгі күнге дейін бұл мүмкін болмады. Ендеше, қазірден бастап бір істі бір күнде бітіру мүмкіндігі Сізде бар! Ол үшін «жасыл дәлізбен» бір рет жүріп өтсеңіз болғаны.
Жылжымайтын мүлкіңізді сатып немесе сатып алу қажет, алайда оны бір күнде рәсімдеу бұрын мүмкін болмаса қазір бәрі де мүмкін!!!
«ЖАСЫЛ ДӘЛІЗ” жобасы халыққа қызмет көрсету орталығында да іске қосылды.
Жасыл дәліз жолға шығуға асығатын жолаушылар үшін аса тиімді, құжаттарыңызды 2 сағат ішінде рәсімдеп, сапарға шыға беруіңізге әбден болады.
Жылжымайтын мүлкіңізді немесе жер учаскеңіздің құжатын уақыт тапшылығына орай жылдам рәсімдеу қажет болса халыққа қызмет көрсету орталығына келіп “Жасыл дәліз” қызметіне жүгінсеңіз болғаны, құжатыңыз бар-жоғы 2 сағат ішінде мемлекеттік тіркеуден өтіп қолыңызға табысталатын болады.
Қызмет құны мемлекеттік тіркеу құнын қоспағанда 16000 теңге тұрады, есесіне құжаттарыңызды жылдам рәсімдеп,көп уакыт үнемдейсіз! Жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу шартын мемлекеттік тіркеу құны 1202,54 теңге, ал жылдамдық құны 3607,63 тенге. Өзіңізге қажетті ақпаратты халыққа қызмет көрсету орталықтарына келіп немесе 1414-байланыс орталығына қоңырау соғу арқылы білуіңізге болады.
Бүгінге дейін №3 қалалық бөліммен «Жасыл дәліз» жобасы бойынша 18 құжат рәсімделген.
Қазір уақыт алтыннан қымбат! Өз уақытыңызды үнемдеп жұмсауды әдетке айналдырыңыз!
Азаматтарға арналған үкімет МК КЕ
АҚ Қызылорда облысы бойынша
филиалы Қызылорда қалалық №3 бөлім