Біз «Таза Қазақстан» үшін!

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда. Дәл осы акция аясында Қызылорда облысының 16 Өрт сөндіру бөлімдері мен бекеттері дәл бүгін осы акцияны қолдап, көшет отырғызуда. Ағаш егу — игілікті іс. Бұл табиғат — анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласты оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындырады. Көгалдандыру адамзаттың денсаулығы мен жан-жақты эстетикалық, мәдени және экологиялық дамуы үшін қолайлы орта құрудың маңызды және таптырмас бөлігі болып табылады. Осы аптаға дейін апта сайын өтіп жатқан іс-шара аты айтып тұрғандай туған жерімізді таза ұстау мақсатындағы бастама.

Read More

Малқорада өрт шықты

2024 жылдың 4 мамыр күні 15 сағат 5 минут өткенде Қармақшы ауданы Иіркөл ауылы Жаңатұрмыс көшесі №24 мекенжайдың ауласында орналасқан 1600 шаршы метр, 40х40 метр мал қора және 2 бас бұзау толығымен жанды. Өрт 16 сағат 36 минутта толық сөндірілдіч Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына 1 автокөлік және 5 қызметкер жұмылдырылды. Қызылорда облысының ТЖД “ Өрт сөндіру және авариялық — құтқару жұмыстары қызметі” РММ

Read More

Тереңөзекте мал қора өртенді

2024 жылдың 2 мамыр күні 12 сағат 33 минут өткенде Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Б. Өтепов көшесі №9 үйдің ауласында ауданы 10х15 шаршы метр болатын жергілікті материалдардан салынған мал қора өртенгені анықталды. Өрт оқиғасының шығу себебі анықталуда. Өрт оқиғасынан 2 бас ірі қара мал, 11 бас уақ мал өртеніп кетті. Өртті сөндіруге Сырдария ауданы №12 Өрт сөндіру бөлімінен 1 автокөлік пен 5 қызметкер жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің әрекеті нәтижесінде адам шығыны болған жоқ және жақын орналасқан ғимараттар мен құрылыстарға зиян келген жоқ. Оспан Сарсенбайұлы Айдос.Қызылорда облысының ТЖД “ Өрт сөндіру және…

Read More

Сәкен Сайранұлының қатысуымен кездесулер өтті

Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында «Нұр-Мүбарак» университетінің Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры, теология ғылымдарының Phd докторанты, РАТТ мүшесі Сәкен Салтан Сайранұлының қатысуымен Сырдария ауданына қарасты Жетікөл ауылдық мәдениет үйінде, Айдарлы ауылдық мәдениет үйінде , Аманкелді ауылдық әкімдігінде тұрғындарымен, Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінде АІІБ мамандарымен «Әлеуметтік желі және радикализм» тақырыбында, Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінде АТТ мүшелері және тәрбие ісі жөніндегі мектеп директорларының орынбасарларымен «Деструктивті ағымдарды белгілерінен тану» тақырыбында, «Сырдария орталық мешітінде» аудан имамдары және мешітке келушілермен…

Read More

Келелі кездесу өтті

Қызылорда қалалық қоғамдық даму бөлімінің «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік қызметі аясында «Нұр-Мүбарак» университетінің Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры, теология ғылымдарының Phd докторанты, РАТТ мүшесі Сәкен Салтан Сайранұлының қатысуымен «Qosyl» Қызылорда қалалық жастар орталығында жастармен, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің мәжіліс залында студенттермен, И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда агротехникалық жоғары колледжінің мәжіліс залында студенттермен «Деструктивті ағымдарды белгілерінен тану» тақырыбында, Тасбөгет кенті С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде «Әлеуметтік желі және радикализм» тақырыбында тұрғындарымен кездесулер өткізілді. Одан бөлек «Құддыс Ишан», «Мүсірәлі», «Айтбай» мешіттерінің жамағатымен кездесулер өтті. Шаралар…

Read More

Төтеншеліктер «ЭТНО QUIZ» сайысына қатысты

«Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында Қызылорда облысының әскери және құқық қорғау саласының қызметкерлерінен құралған командалар арасында «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен «Этно Quiz» интеллектуалды сайысы өтті. Іс-шараның мақсаты – әскери және құқық қорғау саласында қызмет жасайтын жастар арасында ұлттық рухты көтеру, тілді дәріптеу. Сайысты кіріспе сөзімен облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары У. Ибраев ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайысқа 35 жасқа дейінгі қызметкерлерден құралған 8 команда қатысты. Қатысушылар 5 этапта берілген тапсырмаларды орындады. Іс-шарада Монғолия елінен келген қандас бауырымыз ән шырқап,…

Read More

Қызылордалық құтқарушылар жылқыны құтқарды

Апат аймағында жүрген Қызылордалық құтқарушылар Атырау облысы Индер ауданы Өрлік ауылының тұсында жардан құлап түскен жылқыны құтқарды. Төтеншеліктердің жедел әрекеті нәтижесінде жар жағасында есінен танған жылқыны аман алып қалды. Бұған дейін қызылордалық құтқарушылар үй жануарларын да құтқарғаны белгілі. Жайық өзені бойында орналасқан Есбол ауылы мен Жасуат ауылына дейін мониторинг жасап жүрген құтқарушылар тік жардан құлаған жылқыны байқаған. Төтешеліктер шұғыл түрде көмекке келіп жеткен. Өзен жағасында тұрған жылқыны құтқару барысында демала алатындай тұмсық жағына арқан байлап, жағаға шығарған. Ағын судан жағаға дейінгі қашықтық 800 метрді құрайды. Қазіргі таңда Қызылорда облысы Төтенше…

Read More

Қазақ тарихындағы жошы ұлысының рөлі

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ұлттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, тұрғындар арасында бірлікті, әлеуметтік оптимизм мен болашаққа деген сенімділікті нығайту» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 26 сәуір күні «Қазақ тарихындағы жошы рөлі» (Сыр өңірінің тарихы негізінде) атты ғылыми-танымдық конференциясы өтті. 2024 жылғы 15 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Атырау қаласында Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысы өткізілді.Ұлттық құрылтай — ұлт болашағына қатысты маңызды ұсыным қабылдайтын бірегей алаңға айналды. Мемлекет басшысы рухани дамудың бағыттарын белгілеп, қоғамдағы өткір мәселелерге тоқталып, озық ұлт болуды меңзейтін бірқатар…

Read More

Орталық мешітте дөңгелек үстел өтті

Облыстық дін істері басқармасының «Облысқа республикалық ақпараттық түсіндірме топ мүшелерін немесе теолог, дінтанушы және басқа да діни салаға қажетті мамандарды шақыру, іс-шаралар өткізу» әлеуметтік жобасы аясында «Нұр-Мүбарак» университетінің Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры, теология ғылымдарының Phd докторанты, РАТТ мүшесі Сәкен Салтан Сайранұлының қатысуымен Достық үйінде «Радикалданудың факторлары мен дерадикалдандырудың әдістері» тақырыбында облыстық АТТ мүшелерімен, Жалаңтөс Баһадүр Сейтқұлұлы атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі тәрбиеленушілерімен, қызметкерлерімен «Радикализмнің қоғамға әсері» тақырыбында семинарлар, Жастар ресурстық орталығында «Деструктивті ағымдарды белгілерінен тану» тақырыбында NEET санатындағы жастармен, Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі жоғары сынып оқушыларымен…

Read More

Сот жұмысын ұйымдастырудағы жаңашылдықтар

А.АтамбаеваҚызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының бас маманы Бүгінгі күні замануи технологиялардың қолданылуы соттарда қарқынды дамып, жүзеге асырылып жатқан қайталанбас жобалар, тың бастамалар нәтижесінде соттар жариялылық пен ашықтық жағдайда нәтижелі еңбек етуде. Сот жұмысын сапалы ұйымдастыруда сот кеңсесі орасан рөл атқарады. Сотқа жүгінуші азаматтар тек сотқа талап қоюды жолдау мен сот процестеріне қатысу процесін ғана көреді. Алайда, сот процесін ұйымдастырудағы кеңсе жұмысы, яғни арыз-шағым, материалдар сот өндірісіне түскеннен бастап, судья қарауына ұсынылғанға дейінгі жұмыстар көзге көрінбей жатады. Айта кету керек, жаңа технологиялар кеңсе қызметінің жұмысын тиімді атқаруда, электронды…

Read More