Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні- тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік-тәңірдің біздің ұрапққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Тәуелсіздік-біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы тәуелсіздіктен бастау алады. Қазақ халқының егемендікке ұмтылған қадамы сәтімен жүзеге асты. Талай-талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз-Қазақстан! Тәуелсіз-ұлттың, тілдің, дәстүрдің, салт сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. 1991 жылы-еліміздің Қазақстан деген…
Read MoreБарсакелмес қорығына 85 жыл!
Т. ӘбдікеровБарсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы 1939 жылы Қазақ ССР Халық Комиссарлар Кеңесінің №973 шешімі бойынша қорық статусы берілген. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының негізгі мақсаты — құлан, қарақұйрық, ақбөкендердің популяциясын қалпына келтіру мен сақтау, шөлейттенген өңірлердің биоалуантүрлілігінің қайта қалпына келуіне мониторинг жүргізу. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының 85 жылдығына орайластырылған бірнеше іс — шаралар жүргізілді. Іс — шаралардың басты мақсаты — Барсакелмес қорығының биоалуантүрлілігін оқушыларға таныстырып, дәріптеу, оларды табиғат қорғау ісіне баулу. Табиғатты қорғау — бұл әрбір адамның, әсіресе жастардың, өз жауапкершілігін сезініп, болашақ үшін қамқорлық жасауға бағытталған маңызды іс. Оқушыларды табиғатты…
Read MoreҚАРТТАР СЫРҚАТЫ: ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ
Нурадинова Молдир Махсутбековна«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының«№ 6 қалалық емханасы» ШЖҚ КМК аймақ мейіргері Қартаю – адам өміріндегі табиғи процесс. Бұл кезеңде ағзадағы өзгерістер түрлі аурулардың пайда болуына себеп болады. Қарт адамдар арасында жиі кездесетін сырқаттарға жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, артрит, остеопороз, Альцгеймер және Паркинсон аурулары жатады. 1. Жүрек-қан тамырлары аурулары Гипертония, жүрек ишемиясы және инсульт қарттар арасында кең таралған. Бұған жоғары қан қысымы, холестериннің көбеюі, дұрыс тамақтанбау мен қозғалыстың аздығы әсер етеді. Алдын алу үшін теңгерімді тамақтану, физикалық белсенділік және тұрақты медициналық тексерулер маңызды. 2. Қант диабеті Жасы ұлғайған сайын зат…
Read MoreӘскери борышын өтеген сарбаздар үйіне қайтты
Өткен жылдың қысында ғана Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан әскерінің №5547 әскери бөліміне шақырылып, белгіленген мерзімде міндетін абыроймен атқарған 147 сарбазымызүйіне қайтты. Отан алдындағы әскери борышын өтеу әрбір ердің – азаматтық борышы. Ал енді сол міндетті абыроймен атқару – жігіттің жүрегін түкті, ерік-жігерін мықты етеді. Сарбаздар бір жыл бойы әскери өмірдің қыр-сырын бойларына сіңіріп, әртүрлі ауқымдағы тактикалық оқу-жаттығуларға қатысты. Жаңа машықтарды игерді. Қаруды дұрыс қолданып, нысананы дәл көздеуді үйренді. Отан алдында борышын өтеу кезінде сарбаздарымызәскери мамандықты меңгеріп, жауынгерлік даярлықта елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Олар бірнеше мәрте іс жүзінде жоғарғы жауынгерлік машықты паш ете отырып, киелі Қызылорда шахарында қоғам тыныштығын қырағылықпен күзете білді. Кеше ғана торсықтай ғана бала болып келген, бүгінде ер атанып, салмақты да…
Read MoreСӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ
Әскер – елдің басына күн туа қалған жағдайда жүгінер ең маңызды күш. Отан қорғар әскер барда,қорғанымыз мықты бола бермек. Шүкір, бүгінде мемлекетіміздің арқа сүйер айбынды әскері бар. Құқықтық тәртіп әскерінде жұмыс істеп, өмірінің 22 жылын әскери өмірге арнап, өз міндеттерін абыроймен атқарып, құрметті демалысқа шыққанымен сүйікті ісінің нағыз жанашыры ретінде танылған, ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдікәрімов Ерлан Асанұлымен сұхбаттасуды жөн көрдік. — Саламатсыз ба! Ерлан Асанұлы, әңгімемізді өзіңізден бастасақ… — Иә, рақмет! Қазақстан Республикасын қорғау – оның әр азаматының қасиетті борышы. Мұны баршамыз білеміз. Біздің халқымыз жоғары патриотизм рухында тәрбиеленген. Тек патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілік қана кез келген мемлекеттің гүлденуі мен өркендеуіне кепіл болатын негізгі күш. Артымыздан…
Read MoreҮЕҰ мен еріктілер — қоғамның қозғаушы күші
⚜️Қызылорда қаласы қоғамдық даму бөлімінің «Азаматтық қоғам институттарының бастамаларын қолдау және қоғамдық-саяси маңызы бар шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 03 желтоқсан күні Сол жағалау, Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында «ҮЕҰ мен еріктілер — қоғамның қозғаушы күші» тақырыбында танымдық шара өткізілді. ⚜️Шараны «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының жетекшісі Әбдіғапбар Перизат Қанжарбекқызы ашып, сөз кезегін шара спикерлеріне берді. ⚜️Шараға «Волонтёрлер фронт-офисінің» жетекшісі, қоғам белсендісі Айтбенбетов Болатбек Серікбайұлы, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қызылорда облысы бойынша өкілі Жидебай Оңталап Тасболатұлы қатысып, сөз сөйледі. ⚜️Шара соңында қатысушы жастардың тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп,…
Read MoreЖидебай Оңталап 50 жаста
⚜️Қалалық қоғамдық даму бөлімінің «Азаматтық қоғам институттарының бастамаларын қолдау және қоғамдық-саяси маңызы бар шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 03 желтоқсан күні Сол жағалау, Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залындаҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қызылорда облысы бойынша өкілі Жидебай Оңталап Тасболатұлының мерейлі 50 жасқа толуына орай құттықтау шарасы өтті. ⚜️Қоғамның үдемелі дамуында белсенділік танытып жүрген ел жанашыры, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қызылорда облысы бойынша өкілі Жидебай Оңталап Тасболатұлы 50 жаста. Бүгін мерейтой иесіне құрмет көрсетіліп, қала әкімінің құттықтауы табысталды. ⚜️Қызылорда қалалық қоғамдық даму бөлімінің…
Read MoreЖаңақорғанда Сәкен Алдашбаевпен кездесулер өтті
⚜️Ағымдағы жылдың 28-29 қараша күндері Жаңақорған аудандық қоғамдық даму бөлімінің ««Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында РАТТ мүшесі Алдашбаев Сәкен Мінуарұлының қатысуымен Жаңақорған ауданында түрлі контингентпен іс-шаралар өткізілді. ⚜️Шаралар барысында Сәкен Мінуарұлы дін мен дәстүрдің сабақтастығы, ғаламтор зияны мен пайдасы, жат ағымның қауіптілігі, отбасы құндылықтары және зайырлылық қағидаттары жайлы кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.бойынша ақпарттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. ⚜️Шара соңында өзара пікір алмасулар болып, қойылған сауалдарға жауап берілді.
Read MoreАпостильдеу және заңдастырудың ерекшеліктері
Апостиль қою рәсімінің мақсаты – Гаага конвенциясына қатысушы елдердің аумағында қолданылатын түп нұсқалығы мен құжаттарға апостиль қоюды тиісті түрде рәсімдеуді қамтамасыз ету болып табылады. Егер сіз құжатты дайындаған ел Гаага конвенциясына қатыспаса, оны консулдық заңдастыру қажет болады. Бұл айтарлықтай күрделі рәсім, ол құжатты ҚР Әділет министрлігінде, ҚР СІМ органдарында, бұдан кейін ҚР баратын елдің консулдылығында куәландыруды талап етеді. Бұл жерде құжат консулдық белгілісі бар елдің аумағында ғана заңды күшіне ие болады. Сондай-ақ заңдастыру рәсімі құжат типіне негізделуі мүмкін, себебі консулдық заңдастыруға да, сондай-ақ апостильдеуге де жатпайтын құжаттар бар. Бұл негізінен коммерциялық құжаттарға…
Read MoreМемлекеттік тіл менің тілім
Қазақ тілі-мемлекеттік тіл.Оған дау жоқ.Дегенмен көп тіл білгеннен ұтпасақ ұтылмаймыз. Қазақты қазақ ететін- тілі. Ұлтты ұлт етіп сақтайтын-тілі.»Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы. Өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адамды толық инттеллигент деуге болмас.Сол себепті еліміз дамып, мемлекеттік өркендесін десек, әуелі қазақ тілінің мәртебесін көтеруде белсенділік танытуымыз керек.Егер адам өзге тілді білетін болса, ол рухани бай адам. Өткені сол тіл арқылы басқа халықтың мәдениетін, дәстүрін үйренеді, басқа тілді үйрену арқылы танымы кеңейеді. Қазіргі жастар баласының тілі шыққаннан басқа тілді…
Read More