Конституция – еліміздің негізгі заңы

 Н.ИбраевҚызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының аға сот приставы Конституция – кез келген мемлекеттің ең басты заңы. Ол елде қандай тәртіп болатынын, мемлекет қалай басқарылатынын және азаматтардың қандай құқықтары мен міндеттері бар екенін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданды. Бұл күн қазір елімізде маңызды мемлекеттік мереке ретінде аталып өтеді. Конституцияда Қазақстан тәуелсіз, демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет деп көрсетілген. Бұл сөздердің мағынасы өте маңызды. Тәуелсіз мемлекет – өз тағдырын өзі шешетін ел. Демократиялық мемлекет – халықтың пікірі ескерілетін ел. Зайырлы мемлекет – дін…

Read More

Сот кеңсесінің жұмысы жауаптылықты талап етеді

А.АтамбаеваҚызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы Сот жүйесінің тиімді әрі әділ жұмыс істеуі сот кеңсесінің қызметіне тікелей байланысты. Сот кеңсесі – сот ісін жүргізудің ұйымдастырушылық негізін қамтамасыз ететін маңызды құрылым. Сот кеңсесінің басты міндеттерінің бірі – сот істерін қабылдау, тіркеу және есепке алу. Әрбір іс заңда белгіленген тәртіппен тіркеліп, құжаттар толық әрі дұрыс рәсімделуі тиіс. Бұл процесс сот ісін жүргізудің ашықтығы мен жүйелілігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, істердің сақталуы мен архивке уақытында тапсырылуы да кеңсе қызметкерлерінің жауапкершілігіне жатады. Құжаттардың жоғалуы немесе дұрыс сақталмауы азаматтардың заңды құқықтары мен…

Read More

Кассациялық сот – әділдіктің жоғары сатысы

А.КүнтуғановаҚызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы Кассациялық сот – сот жүйесіндегі ең маңызды сатылардың бірі. Ол төменгі соттардың шығарған шешімдерінің заңдылығын тексеретін жоғары сот органы болып табылады. Кассациялық соттың басты мақсаты – сот тәжірибесінде заңның дұрыс әрі біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Кассациялық сот істі қайтадан басынан бастап қарамайды. Ол істегі дәлелдер мен айғақтарды жинаумен айналыспайды. Оның негізгі міндеті – бірінші және апелляциялық соттардың шешімдері заң талаптарына сай ма, әлде заң бұзушылықтар жіберілді ме, соны анықтау. Егер соттар заңды дұрыс қолданбаса немесе азаматтардың…

Read More

Есірткіге қарсы күрес бойынша күшейтілген жұмыс жүргізілуде

Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында прокуратура құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп, есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде. Арнайы прокурорлар интернеттегі есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша бірқатар ірі істерді тергеп-тексеруді аяқтап, сотқа жіберді. Шымкентте Telegram мессенджері арқылы жұмыс істейтін халықаралық есірткі желісінің жолы кесілді. Тергеп-тексеру басқа құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп жүргізілді. Прокуратураның бастамасымен қазақстандық жедел-  тергеу тобына халықаралық деңгейде осы жұмыста тәжірибесі бар АҚШ-тың есірткі бизнесіне қарсы күрес ведомствосының (DEA) қызметкерлері енгізілгенін атап өткім келеді.  Қылмыстық схемаға 300-ден астам адам қатысқан. Тек екі айыпталушының транзакциялары бойынша…

Read More

Суық қаруды сот сарапшылық зерттеу ерекшелігі мен маңызы

Ержанов Бахытбек СүлейменұлыҚызылорда облысы бойынша сот сараптамалары институтының бас сарапшысы Сот-сараптамасы – шешілуі үшін маңызы бар нақты деректерді анықтау мақсатында арнайы ғылыми білім негізінде жүргізілетін қылмыстық, азаматтық істің әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарын зерттеу болып табылады.   Бүгінгі таңда «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары  орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының филиалы Қызылорда облысы бойынша сот сараптамалары Институты облыс көлемінде сот сарапшылық қызмет көрсетуде. Институт сарапшылары қызмет бабында Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі — АІЖК), Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық…

Read More

Сот актілеріне апостиль қоюдың құқықтық негіздері мен практикалық маңызы

Альфия Әуелбек ҒалымжанқызыҚызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Халықаралық қатынастардың қарқынды дамуы, азаматтардың шетелге жиі шығуы және шетелдік ұйымдармен құқықтық қатынастардың артуы ресми құжаттардың басқа мемлекеттерде заңды күшке ие болуын қамтамасыз етуді талап етеді. Осы мақсатта қолданылатын әмбебап құқықтық тетік – Апостиль. Сот актілеріне Апостиль қою — қазақстандық соттар шығарған құжаттардың шетелде танылуын жеңілдететін маңызды құқықтық рәсім.Сот органдары шығаратын құжаттардың барлығы Апостиль қоюға жатпайды. Негізгі құжаттар мыналар:• сот шешімдері, үкімдер, қаулылар;• сот анықтамалары;• сот орындаушысының актілері;• соттың беретін анықтамалары мен үзінді көшірмелері;• сот бұйрықтары;•…

Read More

Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесімен тең

Күнтуғанова Айнұр СерікболқызыҚызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы  Қазақ халқы қыз баланың тәрбиесін әрдайым ұлттың мерейі мен мәртебесіне тең қойған. Өйткені қыз – өмірдің анасы, ұрпақтың ұйытқысы, шаңырақтың шырағы. Қыз өссе – елдің көркі өседі, қыз күлсе – отбасының берекесі артады. Сондықтан да «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» деген ғасырлардан бері мәнін жоймай, уақыт өткен сайын өзектілігін тереңдете түсуде.Қазақ қоғамында қыз баланы ардақтау, аялап өсіру – әуелден қалыптасқан салт. Ұлт болашағын ойлаған ата-ана қызын ибалы, инабатты, арлы, ұяң, ісмер етіп тәрбиелеуге тырысқан.«Қызға қырық үйден тыйым», «Қыздың…

Read More

Конституция — мемлекетіміздің құқықтық негізі

Гульсина Амандыққызы СайджаппароваҚызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Конституция — кез келген мемлекеттегі ең жоғары заңдық күші бар, қоғам мен мемлекеттің құрылымын айқындайтын негізгі құқықтық құжат.Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттіліктің іргесін бекітіп, қоғам өмірінің барлық салаларына бағыт-бағдар беретін басты құқықтық құжат. Ол елдің саяси жүйесін, мемлекеттік құрылымын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын айқындай отырып, заңдылық пен қоғамдық тәртіптің берік негізін қалыптастырады. Сондықтан Конституцияны тек жоғары заңдық күші бар акт ретінде ғана емес, тұрақтылық пен өркениетті дамудың кепілі ретінде қарастыру орынды.Құқықтық мемлекет құру жолында заңдардың жүйелілігі…

Read More

МЕН ӨМІРДІ ҚАЛАЙМЫН

Кожакова Амина КемаладиновнаҚызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті Темірбек Жүргенов атындағы №80 мектеп-гимназиясының 10 «Б» сынып оқушысы Мен өмірді қалаймын аспанынан күн күлген,Бақыт әні естілер балбұлақтай күлкімнен.Тонның ішкі бауындай ынтымағы жарасқан,Мен өмірді қалаймын бір болатын жұртыммен! Тұғырынан тайдырмай адамдықтың ақ туын,Адам болу – заңдылық, шырқап өмір шаттығын.Жақсылықты жарысып жасап жатқан жалғанда,Өз бақытын бағамдап, жамандықтан тапты кім? Мен өмірді қалаймын бес нәрсеге ғашық боп,Жат қылықтан жиреніп, жамандықтан қашық боп.Жүрекке әжім түсірмес, сәулелі мұң сейілген,Мен өмірді қалаймын асылдарға асық боп! Еңбек, білім – сананы сөндірмейтін құндылық,Түлкібұлаң заманда жасалып жүр мың қылық.Қате басқан…

Read More

Құқықтық қорғауда кассациялық соттың орны

Дінмұхаммет Нағашыбай МәдиұлыҚызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Құқықтық мемлекет қағидаттарының бірі — сот билігінің тәуелсіздігі мен көпсатылы құрылымы. Әрбір азаматтың әділ сотқа қол жеткізу құқығын қамтамасыз ету мақсатында сот жүйесінде бірнеше сатылар қарастырылған. Сол сатылардың ішіндегі ең маңыздысы — кассациялық инстанция.Кассациялық сот — бірінші және апелляциялық инстанциялар қабылдаған сот актілерінің заңдылығын тексеру құқығы бар жоғары сатыдағы орган. Оның қызметі істің мән-жайын қайта бағалауға емес, заң нормаларының дұрыс қолданылғанын тексеруге бағытталады.Кассациялық инстанция адамның негізгі құқықтарын қорғауда ерекше маңызға ие.Құқықтық мемлекеттің маңызды элементтері — заң…

Read More