Келелі кездесулер өтті

2023 жылдың 02-06 қазан аралығында дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері теолог, дінтанушы, исламтанушы мамандар: Қызылорда облысының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ қызметкері Б.Оспановтың, Ұлытау облысының «Ақниет» ақпараттық насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ өкілдігінің қызметкері М.Тұрапбайдың, Шымкент қаласы «Ақниет» ақпараттық насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ басшысы, дінтанушы, теолог Д.Оспановтың, Шымкент қаласы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ қызметкері С. Тілләбектің қатысуымен Қызылорда қаласында, Жалағаш ауданының Бұқарбай, Еңбек ауылдық округтерінде, Абай, Қызылжарма ауылдық округтерінде ауыл тұрғындарымен, колледж ұстаздарымен, студенттермен, медицина саласы қызметкерлерімен, әскери қызметшілермен, төтенше жағдайлар қызметкерлерімен, жаттықтырушылармен және спортшылармен «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл», «Радикалды діни ағымдардың зайырлы қоғамға әсері», «Діни радикализмнің зардаптары», «Жат діни ағым белгілері, одан сақтану жолдары», «Жастарда жалған діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру – уақыт талабы», «Ұлттық қауіпсіздіктегі радикализм аспектілері», «Азаматтардың діни сенімге байланысты медициналық қызметтен бас тартуының салдары» және т.б. тақырыптар аясында кездесулер ұйымдастырылды.

Related posts