Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж 18 қазан күні Сол жағалау, ҮЕҰ-дың ресурстық орталығында жастарға,қыз-келіншектерге, аналарға арналған «Бала саулығы-ұлт болашағы» тақырыбында Қызылорда Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығының мамандары Алмағанбетова Ақмарал мен Темиргалиева Салтанат ЕДШ нұсқаушыларының қатысуымен балаларға арналған кеңес беру, массаж түрлерін үйрету мақсатында бала массажынан мастер-класс өткізілді.
Шеберлік сағатында білікті мамандар нәрестеге жасалатын массаж түрлерін, балаларға қойылған диагноз бойынша масаж түрлерін үйретті. Бала күтіміне қатысты ескеруі керек кеңестер берді. Бала массажын үйренемін деушілердің мән беру қажет маңызды мәселелерге тоқталып және осы сынды пайдалы кеңестер айта өтті.
Шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, пікір алмасты.


