Қызылорда облысының ҮЕҰ ресурстық орталығы мен «Асыл мұра – Орда» қоғамдық қорының бірлесе ұйымдастыруымен Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқарма басшысының орынбасарлары Ілікбаев Ғалымжан Маратұлы және Қуандық Алтынай Қуандыққызының үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесу барысында басқарма басшысының орынбасары Ғ. Ілкібаев және А. Қуандық жұмыс барысында атқаратын функциялары, жоспарлары мен бюджеттік бағдарламалары туралы баяндап, қағидаларға сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде көрсетілетін қызметтер және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мәселелеріне тоқталып өтіп, ҮЕҰ өкілдерінің қойған сұрақтарына жауаптарын берді.

