26 тамыз күні Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі мен “Асыл мұра-Орда” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен шағын футболдан және арқан тартыстан Жалағаш кентінде сайыстар өткізілді.
Шағын футболдан кент жастары мен елді-мекендерден 9 команда жасақталып қатыстырылды. Сайыс өте тартысты өтті. Шағын футбол-ұзындығы 25-40 м және ені 15-25 м алаңда өткізілетін 5 адамнан тұратын командамен ойнайтын, спортшыларды ауыстыру құқығы шектеусіз спорттық футбол ойыны. Шараға аудан және елді мекен, кент жастары белсенді қатысты. Кіші футбол сайысынан Жалағаш ауданы “Жастар командасы” жеңіске жетті.
Сонымен қатар арқан тартыс сайысы ұйымдастырылып, 6 команда жасақталып қатыстырылды. Оның ішінде 1 орынды Ақсу ауылының “Беркінбай мешіті” командасы иеленді.
Барлық қатыстырылған командаларға дипломдар, бағалы сыйлықтар мен қаржылай сыйлар табысталды. Шараға қатысушыларға және жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан дін саласының мамандарына алғыс білдіреміз.










