
Әрбіз азамат өзіңнің ана тіліне қамқоршы, қолдаушы боуы шарт. Өйткені өз тілі әрбір жанның руханияты, болмысы, биіктігі болып қала бермек. Қазақ тілі де әрбіз қазақ үшін, қала берді қазақстандық үшін қастерлі ұғым. Тіл тазалығы ұлттың ғана емес, мемлекеттің де тағдыры екенін ұмытпауымыз тиіс. Заңымызда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi — қазақ тiлi деп көрсетілген соң баршамызға ортақ құндылық.
Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi деп тайға таңба басқандай етіп көрсеткен.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру — Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы деп көрсеткен жері әрбіріміздің санамызда тұруы тиіс. Бұл бірліктің, татулықтың негізі екенін де жүрекпен ұғуға тиіспіз.
Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар деп келеді де мынаны міндеттейді:
- Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға;
- Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;
- қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi.
Қазақ тілі ел тағдыры, ал ел тағдыры әрбір азамат үшінмаңызды. Қазақ тілімен қоса өзге тілдерде еліміз үшін қадірлі, құрметті екен де айта кетуіміз керек. Өзге тілдерге құрметпен қарай отырып, қазақ тілін де ең биікте тұра бермек.
М. Ибрашев
Қызылорда облысының қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы