Мемлекеттің тұтастығы мен тұрақтылығы әрбір азаматтың өмір сүруіне кепілдік етеді. Ел аман, жұрт тыныш болса сенің де бақытың биіктеп, шаттығың шалқитыны сөзсіз. Ал, сол тәтті күндерді бұзатын нәрсе, ол — ел ішіндегі алауыздық, тынышсыздық, берекесіздік. Бұл тыныштық неден бұзылады. Әрине, ауызбірліктің жоқтығынан. Мемлекеттік тіл болса сол татулықтың, достықтың негізгі алтын қазығы. Мемлекеттік тілді дамыту – осы мемлекетте тұрып жатырған әр азаматтың қасиетті борышы дейтінімізде сондықтан.
Мемлекеттік тіл- әрбір елдің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру- Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы деп көрсетілген.
Ортақ тіл табысу, түсінісу үшін ортақ тіліміз болуы шарт. Бұл біздің еліміз үшін қазақ тілі емеспе. Қазақ тілі Қазақстанның жарқын болашағы, кемел келешегі, бүгіннің биік мінбері. Сондықтан әрбір қазақстандық мемлекеттік тілге құрмет көрсетуі тиіс.
Осы орайда құжат айналымда қазақ тілін қолдану аясын кеңейту бағытындағы жұмыстар соттар тарапынан жоғарғы деңгейде жүргізіліп жатқанын айта кетуіміз керек. Ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді дамытуға, құрметтеуге баса көңіл бөлу сала үшін міндеті.
Әр адамның өмірі өзі өмір сүріп жатқан елдің қолында болса, ол елдің тыныштығы, дамуы, бірлігі мен берекесі сол елдің тілінде. Олай болса біздің тағдырымыз мемлекеттік тіліміз қазақ тілінде. Өз тағдырың жақсы болсын десеңіз тілдің тағын биік ұстаңыз.
Т.Алтынбаева,
Қызылорда қаласының №2 сотының жетекші маманы