Қазақ тілі-мемлекеттік тіл.Оған дау жоқ.Дегенмен көп тіл білгеннен ұтпасақ ұтылмаймыз.Хакім Абай жиырма бесінші қара сөзінде «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылымда- бәрі орыста тұр.Зарарынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек.Оның себебі-олар дүниенің тілін білді.Сен оның тілін білсең, көкірек-көзің ашылады.Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағуасына кіреді.Орыстың ғалымы, өнері-дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі» дейді. Тіл адамзат баласына ана сүтімен дарып, қалыптасады.Оны көздің қарашығындай сақтай білу өмірлік қағидамыз. болуы тиіс.
Қазақты қазақ ететін- тілі. Ұлтты ұлт етіп сақтайтын-тілі.»Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы. Өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адамды толық инттеллигент деуге болмас. Сол себепті еліміз дамып, мемлекеттік өркендесін десек, әуелі қазақ тілінің мәртебесін көтеруде белсенділік танытуымыз керек. Егер адам өзге тілді білетін болса, ол рухани бай адам. Өйткені сол тіл арқылы басқа халықтың мәдениетін, дәстүрін үйренеді, басқа тілді үйрену арқылы танымы кеңейеді.
Қазақ моңғолға да ұқсайды, корейге де ұқсайды. Бірақ басқа ұлттан айырып тұратын–тілі.Сондықтан оны бірінші орынға қоюымыз керек. Өйткені қазақ тілі Қазақстаннан басқа жерде қолданылмайды, өзгеге керек те емес.
Тіл десе күйініп кетемін. Қазақ тілі VII ғасырда алып арабқа да, XIII ғасырда тегеурінді моңғолға да, XIX- XX ғасырда ормандай орысқа да төтеп беріп, сақталған. Ол құрып кетеді деп қорықпаймын, соңғы қазақ өлгенше өмір сүреді. Бірақ өз топырағында, өз елінде мемлекеттік тіл болғаннан кейін мемлекеттік дәрежеде өз тұғырында қонуы керек. Мен үнемі айтамын, тас мұқалып құм болады, темір тозады, адам өмірден озады, ұлттың бүгінін ертеңіне сабақтастыратын көкейдегі сөз бенен таңдайдағы тіл ғана. Қазіргі жастар баласының тілі шыққаннан басқа тілді үйретіп әлек болады. Содан кейін тілді біліп қана қою аздық етеді. Оны түсіну керек. Түсіну де аз, қабылдауымыз керек. Қабылдау да аз орындауымыз керек.Сол кезде ғана толық адам боламыз.
Ана-тілі-қасиетті ұғым.Тілді құрметтеудің әліппесі отбасынан бастау алуы қажет.Сонда өресі биік, өрісі кең болмақ. Жастардың тілі үйренуге талпынысы көңіл қуантады.Өзге тілде сөлей білу танымыңды кеңейтеді.
Ана тілі –атамұра.Оған дау жоқ.Бірақ сол қазақтың ішінде өз ұлтының тілін ана тілім санамайтын да адамдар бар. Ана тілім-қазақ тілі деп айтқанымен , сол тілде бір ауыз білмейтін, айта алмайтын, қазақтар жетерлік.
Біз үшін ана тілі деген қасиетті ұғым. Ана тілі дегеніміз, күллі тіл атаулыдан ішкі құрылыс ерекшелігімен дараланатын, белгілі бір халықпен нақты кеңістікте тарихта бірге жасап, оның төл мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа үздіксіз ұластырушы, сол халық адамдарына түгелдей және жан-жақты қызмет ететін ұлтшылдық қатынас құралы. Осы тұрғыдан алсақ, басқа ғана ұлттар өз тілдерін «родной язык, «сүт тілі», «этнос тілі» десе, біз ғана өз ұлтымыздың тілін «ана тілі» деп атаймыз.
Тілді жетік білмей, мәдениетті меңгеру мүмкін емес.Жаһандану заманында жаңаартылған бағдарлама талабына орай көп тілді меңгеру-уақыт талабы.Төл тіліңмен қатар өзге тілге де таяздық танытпау маңызды.
Қазір өңірімізде тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді.Қоғамдық даму басқармасы жанын құрылған облыстық тілдерді оқыту орталығы мекемесінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту курстары ұйымдастырылуда.Курс ересектерге, яғни мемлекеттік қызметшілерге, ерікті қала тұрғындары мен кәсіпкерлерге, жастар, жүргізеді.
Көкжиегіңді кеңейткің келсе, тіл үйрен, бірақ ана тіліңді бәрінен биік қой.
Қ.Абдуллаев
Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы