Мемлекеттік инспектор – жауапты қызмет

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанда жан-жануарлардың, құстардың, балықтар мен өсімдіктердің ондаған түрі жойылып кету қаупінің алдында тұр. Табиғатты қорғау – мемлекеттік маңызы зор іс» деген болатын. Әсіресе, Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтап қалудың маңызы зор.

Осындай маңызды іспен еліміздің Ерекше қорғалатын табиғи аумақтары жүйесі айналысады. Ерекше корғалатын табиғи аумақтарға биосфералық қорықтар, мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, қорықтық аймақтар, корықшалар және т.б. табиғи нысандар жатады.

Табиғат қорғау ұйымдарының күзету жөніндегі іс-шаралары ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы ҚР заңнамасын бұзушылықтың жолын кесу мақсатында аумақты қарауылдауды, өрттердiң алдын алуды, оларды байқауды және сөндiрудi және суды ластанудан, былғанудан және сарқылудан күзетудi қамтиды.

Осы қызметтерді табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк инспекторлары атқарады. Мемлекеттiк инспекторлар қызмет барысында өз аумағы мен күзет аймақтарының шекарасында жүрген адамдардан осында болу құқығына берiлген рұқсатты тексеруге, ҚР заңнамасы талаптарының сақталуы мақсатында табиғат қорғау мекемесінің және оның күзет аймағының аумағындағы жеке және заңды тұлғалардың объектілеріне баруға, ЕҚТА саласындағы заңнамаларын бұзушылық анықталған жағдайда ҚР заңдарына сәйкес жеке немесе заңды тұлғалардың қызметiн тоқтатуға, келтiрiлген шығынның мөлшерiн анықтауға және осының негiзiнде кiнәлi тұлғаларға осы шығынды ерiктi түрде өтеу туралы талап қоюға не аталған жағдайлар бойынша сотқа талап арыз беруге құқылы. Сонымен бірге, актiлер жасап, материалдарды шаралар қолдану үшiн тиiстi мемлекеттiк органдарға жiбере; ЕҚТА және оның күзет аймағында ҚР заңнамаларын бұзған адамдарды ұстап, оларды құқық қорғау органдарына жеткiзе; өзіне қарасты аумақта көлiк және суда жүзу құралдарын тоқтатып, оларды тексере және де ҚР заңнамаларын бұзған жеке және заңды тұлғалардан белгiленген тәртiппен атыс қаруын, заңсыз олжалаған өнiмдi және оны олжалау құралын, көлiк және суда жүзу құралдарын тәркілей алады.

Қазақстанда жабайы табиғаттың аса ғажайып өңірлері — шаруашылық қызметінің кез келген түріне тыйым салынған қорықтар бар. Біздің Қызылорда өңірінде осындай Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы орналасқан. Барсакелмес қорығының 163 126 га аумағын бүгінгі күні 15 мемелкеттік инспекторлар күзетеді. Мемлекекттік инспектор қызметі аса маңызды әрі бүгінгі күнгі өзекті қызметтердің бірі.

Адамзат өркениетінің қарышты өнеркәсібі, қуатты техникасы дамып, климаттың күрт құбылысы кезінде табиғаттың берген сыйынан айрылып қалмау – біздің негізгі борышымыз.

Р. Изаев
Барсакелмес мемлекеттік
 табиғи қорығы

Related posts