Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында статистикалық мәліметтерге сәйкес 2023 жылдың 12 айында 73 адамға қатысты 36 қылмыстық іс түскен, оның ішінде 1 адамға қатысты 1 іс медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы. 12 адамға қатысты 6 қылмыстық іс өткен есептік мерзімнен қалдықта болған
Яғни, өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы сотқа түскен істердің саны 11 адамға көбейгенімен 7 іске азайған.
Есептік мерзімде барлығы 70 адамға қатысты 34 қылмыстық іс қаралып аяқталған, оның ішінде 1 адамға қатысты 1 қылмыстық іс медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы, 69 адамға қатысты 33 қылмыстық іс үкім қабылдау арқылы қаралған.
Яғни, өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы аяқталған істер саны 12 іске азайған.
Осы мерзімде 69 адамға қатысты 33 іске үкім қабылдау арқылы қаралған. Яғни, өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда ағымдағы жылы үкім қабылдау арқылы қаралған істердің көрсеткіші адамға қатысты 11 іске азайған.
Есептік мерзімнің соңына 15 адамға қатысты 8 қылмыстық іс қалдыққа қалған.
2023 жылы барлығы 67 адам сотталып, оның шінде 67 адамның 55-не бас бостандығынан айыру жазасы, 10 сотталушыға бас бостандығынан шектеу жазасы және 1 сотталушыға қамақ жазасы қолданылып, 1 сотталушының қайтыс болуына байланысты өндірістен тоқтатылған.
Аса ауыр санаттағы қылмыстар жасағаны үшін 41 адам сотталып, 40 сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып 1 сотталушы қайтыс болуына байланысты өндірістен тоқтатылған.
Ауыр санаттағы қылмыстар жасағаны үшін 22 адам сотталып, 14 адамға бас бостандығынан айыру жазасы, 8 адамға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.
Ауырлығы орташа санаттағы қылмыстар жасағаны үшін 2 адам сотталып бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.
Онша ауыр емес санаттағы қылмыстар жасағаны үшін 1 адам сотталып бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін 1 адам сотталып қамақ жазасы тағайындалған.
Аяқталған істер бойынша 48 жәбірленуші, оның ішінде кәмелетке толмаған жәбірленуші – 13.
Есірткі заттардың заңсыз айналымына байланысты 25 адамға қатысты 12 іс қаралып аяқталған..
Сотталған 25 адамның 1-не қамақ, 24 адамға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Есептік мерзімде сыбайлас жемқорлыққа қатысты 2 адамға қатысты 1 қылмыстық іс қаралған.
Қызылорда облысының
қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
сотынының баспасөз қызметі