Психотроптық заттармен 10 жылға

М. Деген азамат сағат 21:48 шамасында өзінің қылмыстық пиғылын жүзеге асыру мақсатында тергеумен нақты жеке басы анықталмаған «Toxa_2» парақшасымен тіркелген тұлғадан электрондық ақпараттық ресурстарды пайдаланып, сөз байласып, әлеуметтік желідегі «VIPole» бағдарламасы арқылы психотроптық заттардың жасырылған жерінің координатысын алып, жасырылған бір бумада 13 дана психотроптық заттарын өткізу мақсатында заңсыз иемденіп алып, сақтап, сағат 01:12 шамасында «VIPole» әлеуметтік желісінен «Toxa_2» парақшасынан психотроптық заттарын басқа орындарға жөнелтуге нұсқаулық алып, Қызылорда қаласының қоғамдық орындары болып табылатын 13 дана психотропты α-пирролидиновалерофенон заттарын жасыратын ыңғайлы орынды іздестіру барысында Қызылорда қаласының жергілікті полиция қызметкерлеріне күдік келтіруіне байланысты тоқтатылып ұсталған.
Сот үкімімен сотталушы М. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 297-бабының 3-бөлігінің 1),3),5),6)-тармақтарымен кінәлі деп танылып, 10 жыл жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындады.
Сот үкімі заңды қүшіне енген.

Қызылорда облысының
қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотынының
баспасөз қызметі хабарлары

Related posts