Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар  жөніндегі мамандандырылған соты 2023 жылдың 12 айында сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмысын қорытындылады

Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына 2023 жылдың  12 айында  8928 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс келіп түскен. Өткен жылдан  68  әкімшілік іс қалдыққа  қалған.

Оның  ішінде   36   әкімшілік  іс    мәні  бойынша  қарау басқа соттарға жолданған  болса,  8868  әкімшілік іс негізінен қаралған.

 Жалпы  2023 жылдың 12 айында   келіп түскен әкімшілік істерді өткен  жылдың  есепті  кезеңімен салыстырғанда   1049   іске немесе  12 % көбейген.

8868 адамға қатысты  8868 әкімшілік  іс негізінен қаралып, оның ішінде  7350 іс бойынша  әкімшілік жаза тағайындалған болса,  1507  іс бойынша  әкімшілік іс сот өндірісінен қысқартылған, 11 іс бойынша ықпал ету шаралары тағайындалған.

Жаза тағайындау тәжірибиесіне тоқталатын болсақ, 2023 жылдың 12   айында  қаралған әкімшілік істер бойынша  7350  адамға қатысты әкімшілік жазалар   тағайындалған.

Әкімшілік  жазалар  тағайындалған  істердің  ішінде 5094  адамға    әкімшілік айыппұл, 291 адамға  арнаулы құқықтан айыру, 1361 адамға   әкімшілік қамақ, 527 адамға  ескерту, 77 адамға   ҚР аумағынан әкімшілік  жолмен шығару  жазалары  тағайындалған.

Сонымен қатар, негізгі жазалармен қатар 321 іс бойынша көлік құралын басқару құқынан айыру, 12 іс бойынша ҚР шегінен әкімшілік жолмен шығару, 74 іс бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған заттарды мемлекет пайдасына тәркілеу, 12 іс бойынша тиісті қызметінен лицензияны  тоқтату  түріндегі  қосымша жазалар тағайындалған. 

Келіп   түскен   әкімшілік   істердің    ішінде    8637  әкімшілік іс, яғни 99 %  мемлекеттік тілде қаралған

Сонымен бірге,  ҚР ӘҚБтК-нің 44-1-тарауы негізінде өткен  жылдан  қалдық 28 шағым, келіп түскені 402 шағым, ҚР ӘҚБтК-нің 45-тарауы негізінде келіп түскені 16  шағым, ҚР ӘҚБтК-нің   47-тарауы негізінде  келіп түскені  9  шағым, барлығы 427  шағым келіп  түскен.

Есепті  мерзімде жүріп  тұру еркіндігін  шектеуге  қатысты 64    материал  келіп түсіп, қаралған.

Кайнар: Қызылорда қаласының
әкімшілік құқық бұзушылықтар
жөніндегі  сотының  баспасөз  қызметі

Related posts